Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» акцияларын үкіметке сыйлауға дайын

«Қазақтелеком» акцияларының мемлекетке қайтарылатыны жөніндегі ақпараттар сәуірдің 12-і күні тараған


05/05/2022
11:39 35085 0

Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» акцияларын үкіметке сыйға беруге дайын. Бұл жөнінде «Самұрық Қазына» қоры басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. 

 

— Қайрат Сатыбалды акцияларды үкіметке "сыйлауға әзір" екенін білеміз. Сосын үкімет ол акцияларды не "Самұрық Қазынаға", не басқа шешім қабылдайды. Біз үкімет шешімін құптаймыз, — деді Сәтқалиев.

 

«Қазақтелеком» акцияларының мемлекетке қайтарылатыны жөніндегі ақпараттар сәуірдің 12-і күні тараған. Қайрат Сатыбалды 13 наурызда «қызметтік өкілеттігін асыра пайдалды», «Қазақтелеком қаржысын талан-таражға салды» деген айыппен ұсталған боладын. 

 

Бұның алдында үкімет компания акцияларының 28,8 пайызын мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарған. Бұл акцияларға Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды Skyline Investment Company S.A және Alatau Capital Investment компаниялары арқылы иелік етеді.

Поделиться

Нет комментариев.

05/05/2022 11:39
35085 0

Уведомление